Атырау, 24 сәуір 01:29
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Шомылу маусымы басталғалы үш адам суға кетті

1 010 просмотра

1 маусымнан бастап Атырау облысында үш адам суға батып кетті, оның екеуі бала. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ТЖД қызметкері Арыстанбек ТҮМЕНОВКЕ сілтеме жасап хабарлады.

Су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында ТЖД  полиция қызметкерлерімен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Оған 273 адам, 44 бірлік автокөлік және жүзу құралдары қатыстырылуда.

- Оқыс оқиғаның алдын алу үшін қарапайым қағидаларды ұсынамыз - "шомылуға тыйым салынады" деп жазылған жерлерде суға түспеуге, жүзу шекарасын белгілейтін қалқыма белгілерді кесіп өтпеуге, кемеге, қайыққа және судағы басқа да құралдарға жақындамауға, мас күйінде шомылмауға, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға, жүзуге арналмаған заттармен жүзбеуге кеңес береді. Су қоймасында қауіпсіздік белгілерін өз бетінше алып тастауға, бүлдіруге немесе орнатуға болмайды, - деді А.Түменов.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

4 шілде 2022, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.