Атырау, 22 желтоқсан 02:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қайта көбейе бастаған ба?

1 371 рет қаралды

Соңғы үш айда Атырау облысында COVID-19 инфекциясы тіркелмеген, бірақ қазір жағдай біршама өзгерді. 21 маусымда бір жағдай, 30 маусымда 5 жағдай (Атырау қаласында 2, Жылыой ауданында 2 және Құрманғазы ауданында 1) анықталды.

Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 адам тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінсе, бір адамнан профилактикалық тексеру кезінде анықталған. Жалпы, 21-30 маусым аралығында өңірімізде коронавирус жұқтырған 15 адам анықталды.

– Біз «жасыл» аймақтамыз, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Әзірге министрліктің кейбір карантиндік шектеулерді енгізу туралы нұсқауы жоқ, - деп хабарлады СЭС.

Айнұр САПАРОВА

2 шілде 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.