Атырау, 5 қазан 22:41
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жел облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті

881 просмотра

4 шілде күні сағат 20.00 шамасында Атырауда қатты желдің салдарынан облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін, атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метрін ұшырып әкетті.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жүр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталыққа бастапқы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (осы жылы жоспарланған болатын).

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2022, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.