Атырау, 6 қазан 01:03
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әбділда Мұқашев атындағы сыйлықтың иегері – «АЖ» журналисі Айнұр Сапарова

1 439 просмотра

28 маусымда «Ақ Жайық» газетінің негізін қалаушы Әбділда МҰҚАШЕВ атындағы Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газеті редакциясының бірлескен сыйлығы табыс етілді. Бұл сыйлық ол өмірден мезгілсіз өткелі төртінші рет табысталып отыр. Бұл жолы «АЖ» журналисі Айнұр Сапарова сыйлықтың иегері атанды.

Оның қаңтар айының басында Исатай мен Махамбет алаңынан берген репортаждары баршаның есінде.  Дәл осы қайсар қыздың тікелей эфирлерінің арқасында халық ол жерде не болып жатқанынан хабардар болды. Сондықтан бұл шешім бірауыздан қабылданды.

«АЖ» редакциясындағы әріптестері оны жылы лебізбен құттықтады. Бұл марапаттың ақшалай 300 мың теңге сыйлығы да бар. Жарайсың, Айнұр! Алда жаңа журналистік биік белестерді бағындыратыныңа сенімдіміз.

«АЖ» редакциясы 

29 маусым 2022, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.