Атырау, 22 желтоқсан 02:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау-Астрахань трассасының 9 шақырымы пайдалануға берілді

Сурет
1 388 рет қаралды

Атырау – Астрахань автожолының 824-833-шақырымы арасы көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Тасжол төрт учаскеге бөлінген. Оның алғашқы (824-833 шақырым арасы) бөлігі арқылы көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Жол төсемінің ені - 9 метр, қалыңдығы - 57 сантиметр. Жоба аясында 220 маман мен 163 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, жолдың бойында орналасқан елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынады деп жоспарланған. Еске сала кетейік, Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» тас жолы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталды. 2023 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2022, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.