Атырау, 5 қазан 22:46
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тексеруші құрылыс алаңына бекер аяқ басқан

1 244 просмотра

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті кәсіпкерді заңсыз тексеру әрекетінің жолын кесті.

Оның өзі прокуратураға жүгінді. Олар мән-жайды түсіндіріп берді. Кәсіпкердің әрекеті дұрыс болып шықты: МСҚББ қызметкері салынып жатқан нысанға келіп, құжаттарды талап еткен. Бірақ оның қолында тексеру тағайындалғаны туралы актісі болмаған.

- ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140- және 146-баптарына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеусіз тексеруге тыйым салынды. Оның үстіне, әңгіме микрокәсіпкерлік субъектісі туралы болып отыр. ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен оларды тексеруге мораторий енгізілген, - деп хабарлады ведомстводан.

Кінәлі лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы («Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2022, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.