Атырау, 22 желтоқсан 02:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мамандар «Безымянный» көлінен судағы оттегі мөлшері мен су тереңдігін тексерді

Сурет
1 356 рет қаралды

Бұл туралы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар ӘМІРЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Тексеру барысында көлдің жалпы температурасы 21.7ºС, оттегінің орташа мөлшер есебі 7.3 мг/дм3, ал су тереңдігі 2 метрге жуық екені анықталды. Бұл осы жерде балықтың қырылмауы үшін жеткілікті.

- Қазіргі таңда Жайық өзенінің бір бөлігі Безымянный көліндегі су деңгейі түсті, балықтардың қырылу фактісі тіркелмеді. Алдағы уақытта комиссия мүшелері шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргізеді.  Сонымен қатар, көлдегі балықтар уақытында Жайық өзеніне жіберіліп тұрады, - деді Әміржанов. – Енді  зерттеу жұмыстары күн сайын таңертең және кешке жүргізіліп тұрады.

Еске сала кетсек, биыл мамыр айында Безымянныйда судың таяздығы мен оттегінің жетіспеушілігінен балық қырыла бастады. Қолдан келгенше құтқарылды, қалғаны санитариялық талаптарға сай көмілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2022, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.