Атырау, 25 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жарты тонна қызыл балықты тастай қашып, бой тасалады

1 422 просмотра

Атырауда қос моторлы «Байда» қайығын тастап қашқан үш браконьер іздестіріліп жатыр. Бұл 25 маусым күні түнгі сағат 3-те Дамбы ауылында болған. Рейд барысында балыққорғау инспекторлары қайықты тапқан. Бірақ браконьерлердің өзі қараңғылықты пайдаланып, ғайып болған. 

Балық қорғау бөлімінің бас маманы Темірхан ОҢАЙБАЕВТЫҢ айтуынша, қайықтан ау құралдары мен 534 келі бекіре балығы табылды. ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағы («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша іс қозғалды. Енді заңсыз балық аулаушыларды ұстау ғана қалды. 

Айнұр САПАРОВА

30 маусым 2022, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.