Атырау, 5 қазан 22:40
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​АГУ-де оқу ақысы тым жоғары ма?

1 146 просмотра

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты монополиялық жоғары бағалар белгілеу және ұстап тұру тұрғысында монополияға қарсы тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аймақта жоғары білім беру (бакалавриат) қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйін талдап, бағалау жүргізді. Атырау университеті аймақ нарығында 70%-дан астам үлесімен үстемдікке ие екендігі анықталды. БҰЛ ЖОО-да «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» және басқа да бірқатар мамандықтар бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60%-ға жоғары екені анықталды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2022, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.