Атырау, 5 қазан 22:38
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бірқатар мамандық бойынша оқу ақысы төмендеді»

1 074 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі оқу ақысының төмендегенін хабарлады. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша АГУ-ге қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Университеттің баспасөз қызметі қазір жағдай басқаша екенін атап өтті.

- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі мамандықтар бойынша оқу ақысына 2018-2021 жылдар аралығына жасалған талдау қорытындысы бірқатар мамандықтар бойынша оқу ақысының төмендегенін көрсетеді. Атап айтқанда, "Ақпараттық технологиялар", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Стандарттау және сертификаттау" мамандықтары бойынша 2018 жылы оқу ақысы 635 800 теңгені құраса, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 520 000 теңгені құрап отыр. Соңғы 3 жылда аталған мамандықтар бойынша оқу ақысының мөлшері 18,2 % төмендеді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әрі қарай баспасөз хабарламасында 2022-2023 оқу жылының оқу ақысы өзгеріссіз бекітілгені айтылады.

- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін өздері дербес анықтайды. Оқу ақысын анықтау барысында университеттің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері басшылыққа алынады. Сонымен қатар, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының бағасы зерделенеді, - деп түсіндірді баспасөз қызметі. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2022, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.