Атырау, 21 желтоқсан 11:40
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тең ойын және Джуниормен естелік сурет

Бейнежазба
1 429 просмотра

2 шілдеде «Мұнайшы» стадионында «Атырау» мен «Тараз» арасында футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турының матчы өтті.

Ойын онша тартысты болмаса да, қауіпті сәттер болды. Ойын соңында қарсыластар үш ұпай жинап, жеңіске жету үшін барын салып ойнай бастады. Бірақ ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетерлігі, «Тараздың» «Атыраудан» айырмашылығы - ойыншылардың 100 пайызға жуығы қазақстандықтар. Айтпақшы, тараздық екі легионердің бірі гаитилік Алекс ДЖУНИОР өткен маусымда «Атырау» сапында ойнады. Стадионнан оның жанкүйері табылып,  онымен естелік ретінде суретке түсті.

Ал «Атырауда» легионерлер көбейді. 1 шілдеде команда сапына Петербургтің «Зенит» футбол академиясының түлегі, 25 жастағы шабуылшы Павел ДОЛГОВ қосылды.

Қазір «Атырау» 21 ұпаймен турнирлік кестеде 7-ші орында тұр.

Айнұр САПАРОВА

Автор түсірген бейнежазба 

3 шілде 2022, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.