Атырау, 6 наурыз 02:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29

Мың жарым адам көші-қон заңнамасын бұзған

1 508 рет қаралды

27 маусым мен 4 шілде аралығында Атырау облысында «Нелегал-2022» іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 1486 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, оның ішінде 900 шетел азаматы ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылса, 25-і сот шешімімен елден шығарылды. Ал ҚР заңнамасын бұза отырып, еңбек иммигранттарын тартқаны үшін 586 ҚР азаматы әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының 117 азаматы құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істегені анықталды. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына орналастырылған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 шілде 2022, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.