Атырау, 29 наурыз 12:57
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраудағы қарақалпақтар: сыпырғыш пен кірпіш қана емес

Бейнежазба
1 800 просмотра

«АЖ» мәліметінше, 1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанды егемендіктен айыру туралы түзетулерге наразылық білдірген 40-қа жуық адам Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңына шықты. Оларды полиция ұстаған, өйткені митинг өткізуге қала билігі рұқсат бермеген.

Атырау облыстық полиция департаменті «әлеуметтік желіде заңсыз шеру ұйымдастырған шетелдік азаматтар туралы ақпарат тексеріліп, расталмағанын» хабарлады. 

Бірақ шеруге қатысушылардың бірі полицияға жеткізілгеннен кейін жерлестерін Қазақстандағы рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырған: біріншіден, бұл үшін жауапкершілікке тартылады; екіншіден, бұл мәселені Қазақстанда емес, Қарақалпақстанда, жалпы Өзбекстанда шешу керек деп түсіндірген бейнежазбасы пайда болды.

Біздің қаламызды негізінен осы Өзбекстан автономиясының тұрғындары жинап, тазартатынын бәрі біледі, енді бірілері осында үй салып жатыр. Маңдай терімен тапқан ақшаларын елде қалған отбасыларына жібереді. Бірақ саясаттан ешкім де тыс қалмайды екен.

Айнұр САПАРОВА

3 шілде 2022, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.