Атырау, 14 мамыр 03:31
 дождьВ Атырау +22.4
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Оқиға

​Атырауда ер адам әйелді балтамен ұрып, өзі асылып қалды Оқиға

​Атырауда ер адам әйелді балтамен ұрып, өзі асылып қалды

Атырауда 36 жастағы ер адам әйелді өлімші етіп сабап, содан кейін оның балаларының көзінше өзі асылып қалды. Бұған дейін әйел бірнеше рет полицияға жүгінген, себебі ол оны ұрып-соғып, зорлаған, бірақ сонда да қылмыскер бостандықта жүрді. 22 сәуір 2021, 10:43 2 400 рет қаралды
Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды Оқиға

Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды

Бүгін, 15 сәуір  сағат 11:30 шамасында  Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре-2021" жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.  15 сәуір 2021, 22:39 4 684 рет қаралды
​Таубаев пен Басаровқа тағылған айыптың мән-жайы Оқиға

​Таубаев пен Басаровқа тағылған айыптың мән-жайы

Осыдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Айыптау өкілі, прокурор Нұржан ЖАНГЕРЕЕВ айыптау актісін оқып берді. Төменде осы құжаттың маңызды тұстары келтірілген. 14 сәуір 2021, 11:11 4 103 рет қаралды
​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз» Оқиға

​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз»

Бүгін, 14 сәуірде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша негізгі сот талқылауы жалғасты. Сотталушылар «өз кінәсін мойындайды ма?» деген басты сұраққа жауап берді. Сурет 14 сәуір 2021, 15:07 4 238 рет қаралды
Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды Оқиға

Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды

29 наурызда Атырау облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Бейнежазба 31 наурыз 2021, 13:50 3 530 рет қаралды
Зиратты есірткінің әсерімен жүріп қиратты Оқиға

Зиратты есірткінің әсерімен жүріп қиратты

Қызылқоға ауданының соты өткен жылдың қыркүйек айында Тасшағыл ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан зиратта XVIII ғасырдағы емші әрі діни қайраткер Матен қожа әулиенің кесенесімен бірге 15 мазарды қиратып кеткен бұзақыға үкім шығарды. Сурет 21 наурыз 2021, 01:05 5 271 рет қаралды
Мүйізін алу үшін қаншама киікті қырған Оқиға

Мүйізін алу үшін қаншама киікті қырған

6 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Геолог ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-21014" маркалы екі көліктің ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тапты. Сурет Бейнежазба 11 ақпан 2021, 22:12 3 284 рет қаралды
Курьер емес, қылмыскерге айналды Оқиға

Курьер емес, қылмыскерге айналды

Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлері есірткілік заттарды насихаттаған екі күдіктіні ұстады. Олар тиісті сайттардан алынған синтетикалық есірткі жарнамаларын тұрғын үйлердің қабырғалары мен подъездерге жазып қалдырған. 2 ақпан 2021, 16:01 2 730 рет қаралды
268 миллионға контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы Оқиға

268 миллионға контрабандалық жүк тиеген көліктің шытырман оқиғасы

Жақында Атырау соты Вадим КИМДІ 268 миллион теңге сомада импорттық темекінің ірі партиясын ұрлағаны үшін  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы бойынша (Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) 5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ осы үкімге дейінгі оқиғаларға қатысты жауаптан гөрі сұрақ көп. Толығырақ - «AЖ» материалында. Сурет 1 ақпан 2021, 13:40 3 298 рет қаралды
Фитнес орталығына келушілерден ақша ұрлаған Оқиға

Фитнес орталығына келушілерден ақша ұрлаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4-15 қаңтар аралығында Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан фитнес-орталыққа келушілерден киім ауыстыратын бөлмедегі киімдерінен барлығы 159 мың теңге ақшаның ұрланғаны туралы бес шағым келіп түскен. 27 қаңтар 2021, 16:37 3 769 рет қаралды
Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен Оқиға

Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен

51 жастағы Атырау қаласының тұрғыны өзінің бір танысы 50 мың теңге талап етіп, бопсалап жүргені туралы полицияға арызданады. Егер ақша бермесе, әлеуметтік желіге оның ұятты бейнежазбасын таратып жіберемін деп қорқытқан екен. 26 қаңтар 2021, 09:43 3 348 рет қаралды
Қарақшы кеңседе күзет пен бейнебақылау жүйесі жоқ екенін білген Оқиға

Қарақшы кеңседе күзет пен бейнебақылау жүйесі жоқ екенін білген

Атырауда Привокзальный-5 ықшам ауданында микронесие беретін ұйымның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қызметкерді пышақпен қорқытқан қаскөй 100 мың теңгедей ақшаны алып, бой тасалайды. Бірақ көп ұзамай оны полиция анықтап, ұстады. 21 қаңтар 2021, 20:51 4 200 рет қаралды
Полицияның рота командирі инспекторлардың жалақысына көз салған Оқиға

Полицияның рота командирі инспекторлардың жалақысына көз салған

Атырау қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша айыпталған Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командиріне және оның орынбасарына үкім шығарды. Толығырақ - «AЖ» материалында. 14 қаңтар 2021, 08:30 3 001 рет қаралды
Құрылыс қаражатын ұрлаған Оқиға

Құрылыс қаражатын ұрлаған

Атырауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көппәтерлі үй салуға бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікпен ЖШС директоры ұсталды. 190-баптың 3-тармағы (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 20 қараша 2020, 10:45 3 142 рет қаралды
Пара ретінде арматура мен парфюм алады Оқиға

Пара ретінде арматура мен парфюм алады

Шенеуніктер параны енді «тазы күшіктерімен» ғана емес, жылқымен және «Бьютиманияның» сертификаттарымен де алатын болған. Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жыл басынан бері қылмыстық істерге мониторинг жасап, қызықты талдау жүргізді. 20 қараша 2020, 15:48 4 015 рет қаралды
«Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ» жарияланымына қатысты Оқиға

«Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ» жарияланымына қатысты

Атырау облысының полиция департаменті 9 тамызда қала маңындағы Дамба ауылында болған кісі өлтіру қылмысына облыстағы ПД қызметкерлерінің еш қатысы жоқ деп хабарлайды. 16 қараша 2020, 15:35 3 895 рет қаралды
Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ Оқиға

Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ

Дамбы ауылындағы төбелесте қаза болған грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек СИҒУАТОВТЫҢ туыстары тергеу ісі баяу жүріп жатыр және төбелесті негізгі ұйымдастырушы жауапкершіліктен жалтарып кеткен деп есептейді. Олардың айтуынша, осы іске байланысты тергеліп жатқан екі адам су полициясының қызметкері, алайда бұдан бұрын ПД полицияның бұған еш қатысы жоқ екенін растаған болатын. Толығырақ – «АЖ» материалында. Сурет Бейнежазба 13 қараша 2020, 17:16 5 076 рет қаралды