Атырау, 29 наурыз 12:24
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Есірткімен ұсталған полицейлер тергеу абақтысына қамалды

2 825 просмотра

Атырауда жуырда марихуанамен ұсталған екі әкімшілік полиция қызметкері тергеу абақтысына қамалды.

Бұл ақпаратты Атырау қаласының тергеу соты растады. Қазіргі уақытта полицейлерден тәркіленген марихуана химиялық сот сараптамасына жіберілді.

Ал «АЖ» полиция департаменті осы екі қызметкерді бұрынғы күнмен жұмыстан босатты ма, әлде 18 жасар спортшы Есенбек СИҒУАТОВТЫҢ өліміне қатысты жағдай сияқты, олардың органдарда жұмыс істегендерін жасырып отыр ма, тексеруді ұйғарды.

- ПД әдеп жөніндегі комиссиясы ұсталған қызметкерлердің ісін қарады. Комиссия қорытындысына сәйкес, олар жағымсыз әрекеттеріне байланысты ішкі істер органдарынан босатылды, - деп жауап берді «АЖ»-ға Атырау облысы бойынша ПД басшысы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағы («Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша жүргізіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

16 наурыз 2021, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.