Атырау, 14 мамыр 04:23
 дождьВ Атырау +22.4
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Қарақшы құтылмады

2 693 рет қаралды

5 наурыз таңертеңгі сағат 11-де Привокзальный ықшамауданында микронесие ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Пышақпен қорқытқан қаскөй кассадан 400 мың теңге алып, қашып кетті.

- Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция ізін суытпай, 25 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

9 наурыз 2021, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.