Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлаған лифтіде қаза болған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 523 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаменті істі ҚР ҚК-нің 280-бабы («Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау») бойынша тергеп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, 4 тамызда Residence Ardager ТК (Атырау сауда орталығы жанында) 15 -ші қабаттан лифт құлады, салдарынан «Lift Invest» ЖШС-нің 39 жастағы жұмысшысы қаза болды, ал ауыр жарақат алған екінші жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оған ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Фархат ӘБІЛОВ

5 тамыз 2021, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.