Атырау, 25 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Зорладың деп бопсалаған қыз қамауға алынды

2 047 просмотра

Атырауда өзінің жігітінен барлығы 3 млн 540 мың теңге бопсалаған 21 жастағы қыз тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін атыраулық бойжеткеннің 18 жасар жігітін «зорладың деп арызданамын» деген жалған айыппен бопсалап, ақша талап еткені хабарланған еді. Полиция қызметкерлері оны келіскен ақшаны алу кезінде ұстады.

Тергеу соты полиция жинақтаған іс-құжаттарды қарап, оны  ұстау туралы санкция берді. Енді ол сотты тергеу изоляторында күтеді.

ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция қыздың басқа да жігіттерді бопсалауы мүмкін деп күдіктенеді. Оның анық-қанығы қазір тексеріліп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

28 шілде 2021, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.