Атырау, 25 маусым 03:36
 ашықВ Атырау +37
$ 427.01
€ 509.94
₽ 5.91

Бопсалаушы 7 жылға сотталды

1 866 просмотра

Жақында №2 қалалық сот ҚР ҚК 105 («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») және 147-баптары («Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша айыпталған Түркістанның 36 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Көпшіліктің жағасын ұстатқан бұл қылмыстың тарихын қысқаша баяндап кетейік.

Ер адам әлеуметтік желі арқылы әйелмен танысып, өзара хат алмасып, 2019 жылдың желтоқсанында ол Атырауға келіп, бірнеше күнді бірге өткізеді. Түнде әйел ұйықтап жатқанда, оны жалаңаш күйде суретке түсіріп алып (туыстары бұған дейін тамаққа немесе сусынға бір нәрсе қосқанына сенімді), сонымен қатар телефон кітапшасындағы барлық абонент нөмірлерін көшіріп алған. Содан кейін ол ақша талап етіп, әйелді бопсалады – әйтпесе бұл суреттерді таныс-тамырларына жіберемін деп қорқытқан. Әйелдің өзінің табатыны аз ақша – 50 мың теңге, ал ол 100 мың, 200 мың теңге талап етті және бір рет емес. Ол мүмкіндігі жеткенше төлеп келді, ақыр аяғында азаптаушының кезекті қоңырау шалып, әдетінше бопсалап ақша талап етіп жатқан әңгіме барысында шыдай алмай, өзіне-өзі қол жұмсады. Әйелдің асылып тұрған денесін тапқанда, телефон тұтқасының арғы жағындағы ер адам әлі қорқытып айқайлап жатты. Әйелдің артында балалары қалды.

Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды, күдікті адам Түркістанда ұсталып, Атырауға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Өзіне үкім жарияланғаннан кейін өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады. Қазір сотталушы жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу үшін Түркістан облысына апаратын этапты күтіп жатыр. Осы уақытта ол облыстық сотқа апелляциялық шағым берді – жалғыз өзі 11 жасар ұлын тәрбиелеп отырғандықтан, нақты жазаны шартты түрде өтеуге ауыстыруды сұрайды.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген автор

4 мамыр, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.