Атырау, 26 сәуір 22:46
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Полицияның рота командирі инспекторлардың жалақысына көз салған

2 683 просмотра

Атырау қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша айыпталған Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының командиріне және оның орынбасарына үкім шығарды. Толығырақ - «AЖ» материалында.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың ақпан айында 45 жастағы подполковник Айбек МЫРЗАХМЕТОВ патрульдік-полиция ротасының командирі болып тағайындалған соң қарамағындағылардан ақша ала бастаған. Ол үшін әкімшілік құқық бұзушылық аз анықталған инспекторлар туралы ақпарат жинап, содан соң қызмет бойынша жазаламауға уәде беріп, олардан ақша талап еткен. Бірінші құрбаны - Жылыой ауданының инспекторына Мырзахметов Kaspi Gold арқылы өзінің орынбасары, 37 жастағы капитан Ерболат ӨТЕНОВТІҢ картасына 35 мың теңге жіберуді бұйырған. Әрі қарай осы схема бойынша әрекет еткен Мырзахметов өткен жылдың тамызына дейін барлығы 715 мың теңге «тапқан».

Сондай-ақ, Мырзахметов қарамағындағылардан карантин кезінде артық жұмыс істегені үшін берілген сыйақының бір бөлігін талап етіп, алғаны анықталды. Жалпы сомасы 180 мың теңге болған.

- Инспекторлар командирге қызметтік тұрғыда толықтай тәуелді болғандықтан, оған осы қаражатты беруге келіскен, - делінген сот үкімінде.

Орынбасарының кінәсі - ол бастығының «қара кассасы» туралы біле тұра, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламаған.

Сот үкімімен Мырзахметовке бір жылға бас бостандығын шектелсе, Өтегеновке - 833 мың теңге айыппұл салынды. Екеуі де полиция шенінен, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

№2 қалалық сотта хабарлағандай, азаматтарға келтірілген зиян өтелді, жәбірленушілердің сотталушыларға талабы жоқ. Үкім шығарылған кезде «сыбайлас жемқорлық қылмысының онша ауыр емес дәрежесі» мен кішкентай балаларының болғаны да ескерілді.

Фархат ӘБІЛОВ

14 қаңтар 2021, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.