Атырау, 29 қыркүйек 04:14
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қыдырып келіп, Индердің мектептертеріне «бомба қойды»

1 939 просмотра

3 тамызда Индер аудандық полиция бөлімшесіне аудандағы бір мектепке "бомба қойылды" деп хабарлаған қоңырау түсті, бірақ қай мектеп екенін нақты айтпаған.   

Индербор кетіндегі төрт мектептің бәрі тексерілді, бірақ жарылғыш зат табылмады. Көп кешікпей, жергілікті полиция қызметкерлері «жалған терроршыны» анықтап, қамауға алды – ол бұрын сотталған, Индербор кентіне қыдырып келген Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны болып шықты.

Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 273 бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша іс көтеріліп, тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 тамыз 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.