Атырау, 29 наурыз 13:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Лифтілерді істен шығарып, үйлерді жарықсыз қалдырған

2 694 просмотра

Атырау қалалық №2 соты Береке ықшамауданындағы жаңа үйлердің лифтілерінен кабель ұрлаған екі тұрғынға қатысты үкім шығарды.

26 жастағы жігіт пен 28 жастағы әйел Береке ықшамауданынан кабель ұрлауды кәсіп қылған. Мәселен, былтыр 7 қарашада күндізгі сағат 14 шамасында №19 үйдің цокольді қабатына кіріп, жез кабельді кесіп, алып кеткен. Олар осындай әрекет арқылы лифтіні істен шығарып, №23, №25, №28, №32, №33, №35, №37, №42 үйлерді жарықсыз қалдырған. Нәтижесінде қалалық ТКШ бөліміне 3 млн теңгедей материалдық залал келтірді.

Айта кету керек, екі баланың анасы, 28 жастағы ұрыны «Baizaar» сауда үйіндегі бутиктен балалар киімін ұрламақ болған кезде ұстады.

№2 қалалық сотының судьясы Гүлжиһан МУТИЕВА екеуін де ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының (Ұрлық) бірнеше эпизодтары бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Олар келтірілген зиянды да өтеуі тиіс.

Айта кету керек, тек Береке ықшамауданының ғана емес, Нұрсая ықшамауданының тұрғындары да лифт ұрыларына жиі шағымданады. Өкінішке орай, полиция қызметкерлері ұрыларды ұстай алмай жатады.

Фархат ӘБІЛОВ

8 ақпан 2021, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.