Атырау, 5 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Зиратты есірткінің әсерімен жүріп қиратты

Сурет
5 164 рет қаралды

Қызылқоға ауданының соты өткен жылдың қыркүйек айында Тасшағыл ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан зиратта XVIII ғасырдағы емші әрі діни қайраткер Матен қожа әулиенің кесенесімен бірге 15 мазарды қиратып кеткен бұзақыға үкім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 314-бабы («Өлген адамдардың мәйіттерін және олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша жүргізілді.

«АЖ»-ға аудандық сотта хабарлағандай, сотталушы - 43 жастағы жұмыссыз Нияз И. - өкініп, өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол есірткінің әсерінен әрекет еткен. Оның материалдық зиянды (700 мың теңге шамасында) өтегенін және марқұмдардың туыстары оны түрмеге қамамауды сұрағанын ескеріп, сот И.Ниязды 100 сағат мәжбүрлі еңбек етуге міндеттеп, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын берді.

Үкім заңды күшіне енді.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті ұсынған: Тасшағыл ауылының тұрғындары 

21 наурыз 2021, 01:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.