Атырау, 23 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оқиға

Атырауда ер адам жоғалып, содан кейін өлі табылды Оқиға

Атырауда ер адам жоғалып, содан кейін өлі табылды

16 қазанда қала маңындағы Талғайраң-2 ауылында зорлықпен өлтірілген белгілері бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ал оның көлігі қаланың екнші шетінен табылды. Бірнеше күн бұрын туыстары полицияға ер адамның жоғалып кеткенін хабарлаған. 19 қазан 2021, 18:33 1 965 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

5 қазанда Атырауда Жайықтың жаңа жағалауында болған апаттан кейін көлігін тастап кеткен Honda Odyssey жүргізушісіне жалпы сомасы 73465 теңге айыппұл салынды. Жүргізушісі - 26 жастағы Маңғыстау тұрғыны, автокөлік сол жақта тіркелген. 11 қазан 2021, 16:38 1 553 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

«Бекіре-2021» іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатты, оның жүксалғышында 20 бекіре тұқымдас балық болды. 28 жастағы жүргізушінің көлікжайынан тағы 84 бекіре тұқымдас балық табылды. Браконьерлікпен ауланған балықтың жалпы салмағы 362 кг болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 5 қазан 2021, 14:22 1 758 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Жасқайрат ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 17 шақырым жерде жыңғыл талдардың арасында жабайы есірткі тәріздес шөптері өсіп кеткен алқапты анықтады. 20 тамыз 2021, 11:54 2 378 рет қаралды
Құлаған лифтіде қаза болған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды Оқиға

Құлаған лифтіде қаза болған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысы полиция департаменті істі ҚР ҚК-нің 280-бабы («Сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау») бойынша тергеп жатыр. Сараптама тағайындалды. 5 тамыз 2021, 15:44 2 535 рет қаралды
Басшыдан кек алу үшін зауытта жарылғыш зат бар деп хабарлаған Оқиға

Басшыдан кек алу үшін зауытта жарылғыш зат бар деп хабарлаған

Атырауда бұрынғы басшысынан кек алмақшы болып, полицияға зауытта жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама берген ақтаулық ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 22 шілде 2021, 12:05 2 169 рет қаралды
Заң бұзушылықтар хроникасы Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы

22 мамырда күндіз 102 пультіне ер адам қоңырау шалып, Жайықтағы көпірден секіріп өз-өзіне қол жұмсайтынын хабарлады. Полиция тексеріп, оның мас адамның қалжыңы екенін анықтады. Оның «авторына» - Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты - ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-тармағы (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 28 мамыр 2021, 16:06 3 846 рет қаралды
Бопсалаушы 7 жылға сотталды Оқиға

Бопсалаушы 7 жылға сотталды

Жақында №2 қалалық сот ҚР ҚК 105 («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») және 147-баптары («Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша айыпталған Түркістанның 36 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Көпшіліктің жағасын ұстатқан бұл қылмыстың тарихын қысқаша баяндап кетейік. 4 мамыр 2021, 17:40 3 104 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 3 723 рет қаралды
​Атырауда ер адам әйелді балтамен ұрып, өзі асылып қалды Оқиға

​Атырауда ер адам әйелді балтамен ұрып, өзі асылып қалды

Атырауда 36 жастағы ер адам әйелді өлімші етіп сабап, содан кейін оның балаларының көзінше өзі асылып қалды. Бұған дейін әйел бірнеше рет полицияға жүгінген, себебі ол оны ұрып-соғып, зорлаған, бірақ сонда да қылмыскер бостандықта жүрді. 22 сәуір 2021, 10:43 2 283 рет қаралды
Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды Оқиға

Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды

Бүгін, 15 сәуір  сағат 11:30 шамасында  Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре-2021" жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.  15 сәуір 2021, 22:39 4 627 рет қаралды
​Таубаев пен Басаровқа тағылған айыптың мән-жайы Оқиға

​Таубаев пен Басаровқа тағылған айыптың мән-жайы

Осыдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Айыптау өкілі, прокурор Нұржан ЖАНГЕРЕЕВ айыптау актісін оқып берді. Төменде осы құжаттың маңызды тұстары келтірілген. 14 сәуір 2021, 11:11 4 023 рет қаралды
​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз» Оқиға

​Таубаев пен Басаров: «Кінәні мойындамаймыз»

Бүгін, 14 сәуірде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВТЫҢ ісі бойынша негізгі сот талқылауы жалғасты. Сотталушылар «өз кінәсін мойындайды ма?» деген басты сұраққа жауап берді. Сурет 14 сәуір 2021, 15:07 4 151 рет қаралды
Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды Оқиға

Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды

29 наурызда Атырау облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Бейнежазба 31 наурыз 2021, 13:50 3 438 рет қаралды
Зиратты есірткінің әсерімен жүріп қиратты Оқиға

Зиратты есірткінің әсерімен жүріп қиратты

Қызылқоға ауданының соты өткен жылдың қыркүйек айында Тасшағыл ауылынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан зиратта XVIII ғасырдағы емші әрі діни қайраткер Матен қожа әулиенің кесенесімен бірге 15 мазарды қиратып кеткен бұзақыға үкім шығарды. Сурет 21 наурыз 2021, 01:05 5 175 рет қаралды