Атырау, 29 қыркүйек 04:10
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

10 гектар жер күлге айналды

Сурет
1 098 просмотра

Индербор кентінен 3 шақырым жерде дала өрті болды.

Білгеніміздей өрт төрт сағаттан астамға созылған. Жалынды ауыздықтау оңай болмады. Ауа райының шамадан тыс ыстық болуы, онсыз да қурап тұрған өсімдіктердің тез жануына себепші болды. Жайыққа жақындау жыңғылдармен қоса өсімдіктер күлге айналған болатын.

- Ыстық күнде өртті бірден өшіру мүмкін болмады. Дегенмен аудандағы барлық мекемелердің ұйымшылдығы арқасында жалынның бетін қайтардық. Сағат 14.00-де басталған дала өртін 18.23-те толық өшіріп болдық. 10 гектар жер күлге айналды,-дейді аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Ержан НҰРЛАНОВ.

Желдің күшеюі де өрттің тез жануына себепші болыпты. Оның үстіне, жалын Индер желілік өндірістік басқармасына қарасты «Орталық Азия» газ құбырына, орманға жақын болғандықтан оған жеткізбей өшіруге күш салынды.

ТЖ қызметкерлеріне орманшылар мен газшылар техника, адам күшімен көмектескен. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

19 шілде 2022, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.