Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза болды

Сурет
1 398 рет қаралды

31 тамыз таңғы сағат 04:20 шамасында Доссор-Құлсары-Ақтау республикалық тас жолының 74-шақырымы тұсында "Toyota" автокөлігі аударылып, нәтижесінде екі адам қаза болды.

Жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Ол стационардың хирургиялық бөліміне жатқызылды, дәрігерлер оның миы шайқалған деген диагноз қойды, науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД ұсынған суреттер

31 тамыз 2022, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.