Атырау, 26 наурыз 23:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Астрахань жолында жүк көлігі өртеніп кетті

Сурет Бейнежазба
2 322 рет қаралды

2 маусымда Хамит Ерғалиев ауылы тұсындағы Атырау-Астрахань тас жолының 668 шақырымында DAF маркалы жүк автокөлігі тіркемесімен бірге өртенді.

ТЖД хабарлағандай, сағат 17.05-те хабарлама түсіп, өрт сағат 17.55-те оқшауланып, сағат 18.15-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 6-ӨСБ-нің 5 қызметкері және 1 техникасы қатысты. Өрт себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші кабинадан шығып үлгерген. 

Атырау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырады: техникалық қызмет көрсетуден уақытында өту, көлікте өрт сөндіргіш болуы тиіс, мотор бөлігінде тез тұтанатын бөгде заттарды (шүберек, картон және т.б.) ұстамау керек.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ТЖД ұсынған суреттер мен бейнежазба

3 маусым 2022, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.