Атырау, 25 желтоқсан 13:19
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Заң бұзған​ тәжікстандық таксист ұсталды

1 393 рет қаралды

Атырауда жүргізуші куәлігінен айырылған Тәжікстан азаматы қайтадан рөлге отырып, жауапқа тартылды.

22 тамызда «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Бейбарыс даңғылында Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің - 28 жастағы Тәжікстан азаматының такси жүргізушісі болып жұмыс істейтіні, мобильді қосымша арқылы клиенттерді табатыны анықталды. Ол бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған.

ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі («Көлік құралын құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды, көлік арнайы тұраққа қойылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 тамыз 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.