Атырау, 25 желтоқсан 12:16
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Тағы бір бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды

1 527 рет қаралды

Бүгін, 3 қыркүйекте сағат 16.20-да Атыраудағы Жұлдыз-2 ықшамауданында ересектердің қарауынсыз қалған 3 жасар бала 2 қабатты жеке үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды (политравма, жағдайы ауыр).

Еске салсақ, кеше Құлсары қаласында 9 жасар бала абайсызда 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен болатын. Қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр, жағдайы ауыр.

Жыл басынан бері облысымызда балалар терезеден құлаған 5 жағдай тіркелді. Олардың бәрі ауыр дене жарақатын алған. Былтыр мұндай 4 жағдай тіркеліп, екі бала қайтыс болды.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен ересектерді балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

3 қыркүйек 2022, 20:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.