Атырау, 14 мамыр 03:29
 дождьВ Атырау +22.4
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Ереже бұзып, ажалға себеп болды

1 975 рет қаралды

15 шілдеде сағат 14:30 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз ы/а көше қиылыстарының бірінде Reno Duster автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шыққан кезде басты жолда келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Салдарынан Ваз-21099 автокөлігінің 46 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ПД жолдаған сурет

16 шілде 2022, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.