Атырау, 27 сәуір 10:09
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шекарашы пойызда жолаушының өмірін сақтап қалды

Сурет
1 786 просмотра

Бір топ шекарашы Атыраудан Зайсан қаласына (ШҚО) бара жатқан. Түн ортасында жолсерік көрші вагонда әйелдің жағдайы нашар екенін айтып, топ жетекшісінен көмек сұраған.

Қатардағы жауынгер Абылайхан Убайдуллаев бірден көмекке ұмтылады. Оның мамандығы фельдшер, әскерге дейін жедел жәрдемде жұмыс істеген. Әйел ес-түссіз жатқан. Сапарластарының айтуынша, ол жолда жүрегінің ауырғанына шағымданып, қан қысымын түсіретін дәрі ішкен. Шекарашы оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын станцияға жеткен соң дәрігерлерге тапсырған. Қазір Өзбекстан азаматы Бибігүл Тілеуова есімді әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Ол өзін құтқарған жас сарбазға ризашылығын жеткізді: «Бұл сарбаз қасымнан табылып, жолым болды. Үлкен алғысымды білдіремін және қызметіне сәттілік тілеймін!»

«Нағыз азамат, сезімтал тұлға тәрбиелегені үшін» Шекара қызметі департаментінің басшылығы шекарашының анасы Гүлбаршын Басановаға Алғыс хат ұсынды. Ал ұлына грамота мен қол сағаты табыс етілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ҚР ҰҚК ШҚО бойынша ШҚ департаментінің баспасөз қызметі жолдады

25 мамыр 2022, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.