Атырау, 29 қыркүйек 04:35
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Электронды пошта арқылы жалған хабарлама жіберген

1 400 просмотра

Атырауда жалған лаңкестік жасады деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. 25 мамырда ол мекеменің біріне электронды пошта арқылы облыс орталығындағы барлық оқу орындары мен сауда орталықтарына жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы ақпарат жіберген.

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы хабарлама жіберілген электронды поштаның иесі анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады полиция департаменті.

Бірақ бұл іс күрделі болуы мүмкін. «АЖ»-ның мәліметі бойынша, күдіктінің онлайн-ойындар бойынша серіктестерінің бірі онымен келіспей қалып, кек алу үшін оның электронды поштасын бұзып, оның атынан «террорлық» хабарлама жіберген деген нұсқа да қарастырылып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Айнұр САПАРОВА

3 маусым 2022, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.