Атырау, 22 желтоқсан 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оқиға

Қатты соққы жолаушыға тиді Оқиға

Қатты соққы жолаушыға тиді

22 желтоқсан сағат 13:00 шамасында З.Қабдолов көшесі бойында 42 жастағы азаматтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt жолдың қарсы бағытына шығып, қарама-қарсы келе жатқан Lexus көлік құралымен соқтығысып қалды. ЖКО нәтижесінде Chevrolet Cobalt көлік құралындағы 50 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.  23 желтоқсан 2022, 11:20 1 768 рет қаралды
Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды Оқиға

Жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

19 желтоқсан сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52а үй тұсында 48 жастағы жаяу жүргінші ер адамды көлік құралы қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жүргінші сол жерде көз жұмды. Сурет 20 желтоқсан 2022, 14:28 1 643 рет қаралды
Атырауда үйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды Оқиға

Атырауда үйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алды

Бүгін, 17 желтоқсанда таңғы сағат алты шамасында Жұлдыз мөлтек ауданының 21-көшесінде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болғаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын уақытша тұрғын үйде газды-ауа қоспасының салдарынан жарылыс болғанын анықтады. Сурет 18 желтоқсан 2022, 00:41 2 182 рет қаралды
Қарақшы бақылау камерасына түсіп қалған Оқиға

Қарақшы бақылау камерасына түсіп қалған

12 қараша күні сағат 11:20 шамасында бетперде киген белгісіз ер адам Атырау қаласындағы микроұйымдардың біріне кіріп, кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 208 мың теңгені алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл ішкі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Сондықтан қылмыскер оңалықпен құтылып кете алмады.  Бейнежазба 15 қараша 2022, 11:15 1 567 рет қаралды
Екі жолдағы екі жол-көлік оқиғасы Оқиға

Екі жолдағы екі жол-көлік оқиғасы

10 қарашада күндіз республикалық маңызы бар Ақтөбе-Астрахань тас жолының 326 шақырымы, Қарабатан тұсында Chevrolet автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі басқару кезінде арақашықтықты сақтамай, алдында бір бағытта жүріп келе жатқан Toyota автокөлігіне соқтығысқан.  11 қараша 2022, 17:18 1 709 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр Оқиға

«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр

1 қарашада Атырау ықшамауданында КамАЗ жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Бақылау камерасы оның тұрғын үйлер арасындағы жол бойымен жылдамдықпен келе жатқанын, электр бағанасын «құлатып» кеткенін, содан соң күрт бұрылып, үйлердің бірінің тас қоршауын бұзып өткенін жазып алған. Полиция департаменті жүк көлігі аулада тұрған көлікті де соққанын айтты. Бағына орай, зардап шеккендер жоқ, бірақ айтарлықтай материалдық шығын болған. Сурет Бейнежазба 2 қараша 2022, 16:50 1 673 рет қаралды
Құлсары трассасындағы ажалды апат Оқиға

Құлсары трассасындағы ажалды апат

21 қазанда сағат 19:15 шамасында Құлсары-Сарықамыс тас жолында «Нива» мен «Лада» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Ниваның» 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 13:59 3 247 рет қаралды
Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды Оқиға

Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды

Бүгін, 22 қазанда күндіз Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және  Lada Granta көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында бес адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. 22 қазан 2022, 21:19 2 967 рет қаралды
Атырау облысында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті Оқиға

Атырау облысында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті

Бүгін, 18 қазанда Мақат ауданы Доссор стансасында «Dossor Processing Company» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының тепловоз басынан тоғыз вагонның үш вагоны рельстен шығып кеткен. Сурет 19 қазан 2022, 00:28 1 198 рет қаралды
«Бомба» туралы хабарламадан кейін №2 мектептің бірінші ауысымын түгел эвакуациялауға тура келді Оқиға

«Бомба» туралы хабарламадан кейін №2 мектептің бірінші ауысымын түгел эвакуациялауға тура келді

Бүгін, 12 қазанда сағат 08:20 шамасында Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры полицияға бір жарым сағаттан кейін мектеп ғимаратында жарылыс құрылғысы іске қосылады деген аноним хабарлама алғанын хабарлады.   Толықтырылды Бейнежазба 12 қазан 2022, 11:03 1 915 рет қаралды
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Каспий жағалауында көлік ішінде қалып қойған екі адамды құтқарды Оқиға

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Каспий жағалауында көлік ішінде қалып қойған екі адамды құтқарды

3 қазанда ТЖД-не Исатай ауданының Аққыстау ауылынан шамамен 55 шақырым қашықтықта Жанбай ауылы тұсында Каспий теңізінің жағалауында екі адам мінген көлік толқын салдарынан теңіз жағасына батып қалғаны туралы шақырту түсті. Адамдар өздігінен шыға алмай қалған. 4 қазан 2022, 15:50 1 555 рет қаралды
Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған Оқиға

Жүк көлігінен 20 миллион теңге ұрлаған

Жылыой ауданының 45 жастағы тұрғыны полицияға Мақат ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында белгісіз біреудің «DAF» маркалы ауыр жүк көлігінің ішіне кіріп, 20 445 000 теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін хабарлаған. 1 қазан 2022, 02:13 1 326 рет қаралды
Атырау облысындағы трассада жан түршігерлік жол апаты болды Оқиға

Атырау облысындағы трассада жан түршігерлік жол апаты болды

29 қыркүйек күні  сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 548-шақырым тұсында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Урал" автокөлігіне және "Лада" автокөлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz телеграмм-каналы. Сурет 30 қыркүйек 2022, 15:00 2 942 рет қаралды
Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды Оқиға

Томарлы ауылында қаңғыбас ит 7 жасар баланы қауып алды, бірақ иттің көзін жоюға болмайды

Әлеуметтік желіде қала іргесіндегі Томарлы ауылында 7 жасар балаға алабай тұқымды ит шабуыл жасап, бас терісінің бір бөлігін сыдырып, жарақаттағаны туралы ақпарат пайда болды. 16 қыркүйек 2022, 15:37 1 840 рет қаралды
Бықсыған қамысқа «ТРЭКОЛ» де өте алмайды Оқиға

Бықсыған қамысқа «ТРЭКОЛ» де өте алмайды

14 қыркүйекте кешкісін Кеңөзек ауылдық округінен 15 шақырым кашықтықта (Атырау маңы) шамамен 4 га болатын қамыс жанған. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД және «Ақжайық» резерватының  қызметкерлері мен жұмылдырылды. 15 қыркүйек 2022, 17:05 1 386 рет қаралды
«Жедел жәрдем» көлік апатына ұшырады Оқиға

«Жедел жәрдем» көлік апатына ұшырады

11 қыркүйек сағат 19:30 шамасында Атырау қаласы Балауса ықшамауданында жедел-жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Полиция департаменті хабарлағандай, «жедел жәрдем» екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне соқтығысқан. 12 қыркүйек 2022, 11:41 1 323 рет қаралды
Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды Оқиға

Атырауда 20 жезөкше ұсталып, есепке алынды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Авангард мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. Жезөкшелікпен айналысатын 15 азаматша ұсталып, есепке қойылды. 10 қыркүйек 2022, 16:12 1 983 рет қаралды
Тағы бір бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды Оқиға

Тағы бір бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды

Бүгін, 3 қыркүйекте сағат 16.20-да Атыраудағы Жұлдыз-2 ықшамауданында ересектердің қарауынсыз қалған 3 жасар бала 2 қабатты жеке үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды (политравма, жағдайы ауыр). 3 қыркүйек 2022, 20:33 1 526 рет қаралды
Таң атпай егде жастағы әйелді қағып өлтірді Оқиға

Таң атпай егде жастағы әйелді қағып өлтірді

Бүгін, 2 қыркүйекте таңғы сағат жетіде 33 жастағы Nissan Primera жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, А.Шернияз көшесіндегі «Нұрбол» дүкенінің маңындағы жол бойында 64 жастағы әйелді қағып кеткен. 2 қыркүйек 2022, 12:13 1 814 рет қаралды
Атырауда ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалған Оқиға

Атырауда ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалған

31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Баймұханов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің алдында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқанын байқап, дереу патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.  31 тамыз 2022, 14:33 1 429 рет қаралды
Қамыс арасында адасып кеттім деген жасөспірімнің анасы 84 мың теңге айыппұл төледі Оқиға

Қамыс арасында адасып кеттім деген жасөспірімнің анасы 84 мың теңге айыппұл төледі

«АЖ» полицияға Каспий теңізінің жағалау аймағында қамыс арасында адасып кеткен ер адамнан қоңырау түскенін хабарлаған еді. Атырау полицейлері тексеру жүргізіп, оның жалған қоңырау екенін анықтады. 16 жастағы жасөспірім осылай «сотқарлық жасауға» бел буған. 30 тамыз 2022, 17:49 1 742 рет қаралды