Атырау полицейлері 27 және 28 жастағы екі жігітті 186 грамм марихуана салынған полиэтилен пакетпен ұстады. Тексеру барысында олардың деструктивті діни ағымды ұстанушылар екені де анықталды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі («Өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнұр САПАРОВА
ПД жолдаған сурет