Атырау, 3 наурыз 14:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Есірткілік мас күйде тапаншамен жүрген

1 457 рет қаралды

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігін тексеру кезінде 5 патроны бар тапаншаны тәркіледі, 38 жастағы жүргізуші ұсталды.

- Тексеру барысында оның есірткілік мас күйде болғаны анықталған. Сонымен қатар, көлік жүргізушісі мен 41 жастағы жолаушының деструктивті діни жат ағым ұстанушылары екені анықталды, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігі («Атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айнұр САПАРОВА

17 қаңтар 2023, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.