Атырау, 23 сәуір 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Үш жерде өрт болды

Сурет
1 477 просмотра

Бүгін, 11 қаңтарда сағат 10-12 арасында қаланың үш бөлігінде өрт орын алды.

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай,  10:37 сағатта Ш.Еркінов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің ауласында дүңгіршектен түтін шыққаны туралы шақырту түскен. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткенде жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын нан пісіретін дүңгіршек жанып жатқан. Өрт сағат 11:03-те оқшауланып, 11:17-те жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар  жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Сағат 10:59-те тағы бір шақырту түсті: Құрманғазы көшесінде автокөлік жуу орталығы ғимаратының бір бөлігі жанып, сол жерде тұрған автокөлік өртке оранған. Өртті сөндіруге ТЖД 14 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

Тал түсте  Жұлдыз ықшамауданындағы №18 көшеде тұрғын үйдің жылыту қазандығы орналасқан бөлмесінде өрт басталған. 

- Өрт кезінде 7 тұрғын (5 ересек, 2 бала ) өз күштерімен қауіпсіз жерге шыққан. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 13:07-де жойылды. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды, - деді ТЖД. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Атырау облыстық ТЖД жолдаған суреттер

11 қаңтар 2023, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.