19 қазан күні сағат таңғы уақытта Атырау қаласының «Өркен» ықшамауданында қанды оқиға орын алып, 59 жастағы әйел көз жұмды.
«АЖ» ақпараты бойынша, үйдегі адамдар ерте жұмысқа кетеді. Соңында әжесі немересін сабаққа шығарып салып, қайтып келгенде коттеджде ұрының тайраң салып жүргенінің үстінен түседі. Сол жерде қандықол ұры көп ойланбастан әйелді буындырып өлтіреді. Отбасы марқұмның қаза болғанын түс кезінде көріп, полицияға шақырту түсіреді. Үйден алтын мен бағалы заттар жоғалған.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер іздестірілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА