Атырау, 5 ақпан 17:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Ресейден Қазақстанға газ жеткізетін магистральдық құбыр 2030 жылы іске қосылады

104 рет қаралды

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаев «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында «Ишим–Астана» магистральдық газ құбыры жобасы туралы айтты. Оның сөзінше, құбыр 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды.

Елшінің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы Ресей газын Өзбекстанға транзиттеу көлемі де біртіндеп артып келеді.

«Бұл жоба Орталық Азиядағы өңірлік тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады, өнеркәсіптік дамуға серпін береді, бизнес ахуалды жақсартады және халықтың өмір сүру деңгейін көтереді. Сондай-ақ Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту мен жаңғыртуға ықпал етеді», — деді Даурен Абаев.

Энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікке тоқталған дипломат 2025 жылы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша консорциумның жетекшісі болып таңдалғанын еске салды.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда айналымы 2025 жылы 24,1 млрд АҚШ долларына жеткен. Өткен жылы тараптар 616 млн доллар көлеміндегі 14 бірлескен өнеркәсіптік жобаны іске қосты. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 57 млрд доллар болатын 175 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мәскеуде Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашуға дайындық жүріп жатыр. Ол екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған жаңа алаң болмақ.

Бүгін, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.