Атырау, 5 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Өртенген май қалдықтары сөндірілді

Бейнежазба
2 032 рет қаралды

19 қаңтар күні 15:19 сағатта Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі мекен-жайында орналасқан бұрынғы Химзавод аумағында түтін шыққаны туралы шақырту түсті. 

Өрт сөндірушілер жеткен кезде «Petro Export» ЖШС-нің ауласында 400 кубты 2 резервуарда және жанында шамамен 64 шаршы метр  көлеміндегі аумақта май қалдықтарының жанғанын анықтады. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС-нен барлығы 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. 

- Қазір нысан иесі анықталып жатыр. Қандай қалдық екені кейін анықталады, бірақ, бұл АМӨЗ-ге қатысы жоқ, резервуар түбінен жанған, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт 16:38 сағатта оқшауланып, 17:41 сағатта жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны ТЖД жолдады 

20 қаңтар 2023, 00:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.