10 қарашада күндіз республикалық маңызы бар Ақтөбе-Астрахань тас жолының 326 шақырымы, Қарабатан тұсында Chevrolet автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі басқару кезінде арақашықтықты сақтамай, алдында бір бағытта жүріп келе жатқан Toyota автокөлігіне соқтығысқан.
Салдарынан Chevrolet автокөлігінің 3 жолаушысы әр-түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ал бүгін, 11 қарашада таңертең Атырау-Орал тас жолының 14 шақырымында Toyota Fortuner маркалы автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай аударылып, нәтижесінде екі жолаушы және жүргізуші дене жарақаттарымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Полиция департаментінде хабарлағандай, екі жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүріп жатыр.
Ляззат КАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды