Атырау, 16 тамыз 06:20
 дождьВ Атырау +14.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Привокзальныйда өрт сөндірушілер өрттен 6 адамды құтқарды

Сурет
1 899 рет қаралды


24 қаңтарда сағат 17:24-те ТЖД-не Привокзальный, 5 ықшамаудандағы №18 мекен-жайында орналасқан  бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде шақырту түсті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, 2-қабаттағы пәтердің - жатын және ас үй бөлмелері, жиһаздар мен тұрмыстық техникалардың жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен және баспалдақ арқылы 6 адамды (оның ішінде 4 баланы) қауіпсіз жерге алып шықты. Өрт салдарынан 53 жастағы пәтер иесі күйік алып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 17:44-те жойылды. Өрт сөндірушілер көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді. Өрттің себебі анықталуда.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД ұсынған суреттер мен бейнежазба

25 қаңтар 2023, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.