Атырау, 5 ақпан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

Бас прокуратурада Активтерді қайтару қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

93 рет қаралды

Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Департамент бастығының орынбасары – Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды.

Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымында қызмет істеді.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Бүгін, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.