Атырау, 23 желтоқсан 20:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Есептегіштің мерзімі өтсе... Сұрақ-жауап

Есептегіштің мерзімі өтсе...

Кеше пәтерлердегі ыстық су есептегіштерін тексеретін «Атырау Жарық» бақылаушысы келіп, үйдегі ыстық су есептегішінің жай-күйін тексеру керек немесе оларды ауыстыру керек дейді. Бірақ ескі есептегіштер жақсы жұмыс істеп, көрсеткіштерді дұрыс есептеп тұр. Мынадай сұрағым бар: егер жақсы жұмыс істеп тұрса, «Атырау Жарық» бақылаушысының есептегішті ауыстыруды талап етуге құқығы бар ма және оны ауыстыру қажет пе? 28 тамыз 2019, 20:00 12 642 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әзірге «Газельдер» жүре береді

№57 маршрут «Дина» базарынан Дамбы ауылына дейін қатынайтын ең ұзақ маршрутың бірі. Ми қайнатар ыстықтарда салқындатқышсыз, ескі автобуста сағаттап отыру жолаушыларға қиынға соғады. Бұл маршрутқа жаңа автобустар беріле ме? 17 шілде 2019, 18:30 11 808 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қауіпсіздік бағасы

Қазір газдан улану оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты газ жабдықтарын техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр дейді. Бұл үшін әр нүкте үшін 1 000 теңге төлем алады екен. Күзде 800 теңге еді. Бұл сонда бақылаушы үйдегі газ қазандықтарын санап, олар дұрыс орнатылған ба, жоқ па, тексеріп, акт жасап, 1 жылға шарт рәсімдеп, өз жұмысын атқарғаны үшін алынатын төлем бе?  12 қазан 2017, 00:00 3 342 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй күреле ме, жөнделе ме?

Авангард 3 ықшам аудандағы №35 үйде тұрамыз. Үйдің 1-қабатында әлеуметтік қорғалмаған адамдар, «Арнаулы автобаза» қызметкерлері, интернат мекемелерінің бұрынғы тәрбиеленушілері тұрады, «Арнаулы автобаза», ПИК кеңселері орналасқан. Біздің үйіміз ескі, 2-подъездің қабырғасы жарылып тұр. Үйдің бірінші қабаты шөгіп қалған, подъезге еңкейіп кіреміз. ПИК терможаңғырту жүргізуге қатысты ТКШ-ге жүгінді, алайда ол жақтан мердігерлердің біздің үймен байланысқысы келмейтіні туралы жауап келді. Олар қандай да болмасын құрылыс жұмыстары үйдің одан сайын бұзылуына әкелуі мүмкін екендігіне сенімді. Біздің «апатты» үй деген мәртебеміз жоқ. Үйімізге терможаңғырту жүргізіле ме? Егер жүргізілмесе, не себепті жүргізілмейді? Егер терможаңғырту болмаса, онда бізге, тұрғындарға ғимараттың одан әрі бұзылуына жол бермес үшін үйді қалай ұстап тұру керек? 29 маусым 2017, 00:00 3 298 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер келіспеген жағдайда

– Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?..  18 мамыр 2017, 00:00 3 390 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Елес үйлер

Үйлерімізді 1952 жылы «Геофизика» бірлестігінің құрылыс учаскесі салған. Бұл бір ауладағы он үй – Алтай көшесіндегі 5 үй мен қарсы тұрған Азаттық даңғылы бойындағы 5 үй. 90-шы жылдардың аяғында Азаттық бойындағы үйлер жөндеуден өтті, ал, Алтай көшесіндегі үйлер 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген. 27 сәуір 2016, 18:21 2 610 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бәрі де тәртібіне байланысты

- Адам бірінші рет 10 жылға сотталып, соның 5,5 жылын отырып үлгерді. Тәртібі жақсы. Алған мадақтаулары да бар. Ешкіммен жанжалдаспайды. Мекеме режимін бұзбайды. Ешкімге физикалық та, моральдық та зиян келтірмеді. 15 қазан 2015, 00:00 3 598 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Бәрінің өз уақыты бар

– Жақында бізге учаскелік инспектор келіп, ескі үлгідегі жеке бас куәлігін жаңасына ауыстыру керектігін, ескісінің кешікпей жарамсыз болатындығын айтты. Ал менің ескі жеке бас куәлігім 2018 жылға дейін жарамды. Оны ауыстырмауға құқылымын ба? 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 394 рет қаралды
Сұрақ-жауап

​Көшедегі проблемалар

– СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің қалған бөлігін (320 метрін) қашан асфальттайды? Ескі су құбыры қашан ауыстырылады? Көшедегі тозығы жеткен ескі электр желілері қауіп тудырады. Алты жыл бұрын осы көше бойында қосалқы станция салынатындығын айтқан еді. Алайда содан бері ештеңе өзгермеді. Бұл мәселелер қашан шешіледі? 9 шілде 2015, 00:00 2 250 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сатып алдың ба, ұшасың

- Көктем басында «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы билет тарифіне кіретін отын алымы құнының төмендегенін хабарлаған болатын. Егер мен осы төмендеулерге дейін бірнеше ай бұрын билет сатып алған болсам, әлі пайдаланбаған билет құнын қайта есептеуді талап ете аламын ба? 4 маусым 2015, 00:00 2 719 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазбаша келісімшарт міндетті емес

– Әкем қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма рәсімдедім. ПИК-ке хабарласып, келісімшартты да менің атыма қайта рәсімдеуді өтіндім. Ол жердегілер пәтер құжаттарын сұратып, мен қажетті құжаттардың барлығын ұсындым. Ал бір айдан кейін ПИК-тің тұрғындармен келісімшарт жасамайтындығын, менің өзім келісімшарт жасай алатынымды, олар оған қол қоятындығын мәлімдеп, таң қалдырды. Сонда ПИК тұрғындардан қандай негізде ақша алады? Бұл ПИК-те, тіпті, әрбір ПИК-те болуы тиіс кезекші мастер де жоқ. 12 наурыз 2015, 00:00 2 516 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақша ма, жаза ма?

– Менің туысым ақшаны ысырап қылғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол бір жылдан аз уақыт отырды. Ал, жақында қонақтықта отырғанда жаңа Қылмыстық кодекс бойынша туысымның тиісті айыппұл төлеп, ертерек бостандыққа шыға алатындығын естідім. Осы рас па? 5 ақпан 2015, 00:00 3 661 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Автобустар тапшы болып тұр

– Неліктен Нұрсая – Бейбарыс даңғылы – ескі базар – Баймұханов – «Дина» базары бағытында жүретін №22 автобус маршрутын алып тастады? Осы бағыт бойынша автобус қозғалысын қайта іске қосуға болмай ма? 25 желтоқсан 2014, 00:00 2 349 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескі шот бойынша

- «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен» хат алдым, менің банкте есеп-шотым бар екен. Мен бұл шотты 2008 жылы ашқанмын, бірақ оған ақша салуға жағдайым болмады да, бос шот болған соң жабылып қалған шығар деп ойлағанмын. Енді ол шотпен не істей аламын? 16 қазан 2014, 00:00 2 159 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түтінмен тыныстап отырмыз

– Біздің отбасымыз Ескі әуежай маңында тұрады. Аптасына 2-3 рет қоқыс орны жақтан ащы түтін келеді. Сәбиіміз осы улы түтінмен дем алса болды, жөтеліп, алқына бастайды. Анамның түн болса, басы ауырып, лоқсиды. Сәбиімнің жөтелден булыққанына төзе алмаймын. Бірақ, өкінішке орай, оған көмектесуге дәрменсізбін. Біздің басқа қалаға кетіп қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Бізді улауды қашан доғарар екен? 9 қазан 2014, 00:00 1 909 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ЖИН жыры

– Үш жыл бұрын бала асырап алып, оған жаңа аты-жөнін беріп, туған күнін өзгерткен едім. Туу туралы жаңа куәлік алған кезде онда ескі туған күн бойынша ЖИН жазылған болып шықты. Құжатта туған күн бойынша айырмашылықтар болғанын қаламаймын. Мен сәбидің алдыңғы, шынайы туған күні бойынша туу туралы жаңа куәлікті рәсімдей аламын ба? 11 қыркүйек 2014, 00:00 1 951 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өтініш мерзімі ескірген

– 2012 жылы мен «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 млн теңге алу үшін «Индер Мақсатқа» құжаттар тапсырдым. Әлі күнге дейін жауабын күтіп жүрмін. Менің ұлттық кәсіпкерлер палатасына қояр сұрағым бар. Өтініштерді қарау мерзімі қандай? 29 мамыр 2014, 00:00 1 938 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Қолжетімді баспана» кімге қолжетімді?

- Сатыбалдиев көшесіндегі №25 үй, Жарбосынов көшесінде орналасқан №83 В және №85 үйлер, Нұрсая ықшам ауданындағы №66 үй қашан пайдаланылуға беріледі?  -  Бұл тұрғын үйлер бүгінгі күні  құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Тұрғын үйлер толықтай Әділет Департаментіне тіркелгеннен кейін жас отбасыларын пәтерге қоныстандыруға болады. 15 мамыр 2014, 00:00 4 442 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жөндеу жүргізілмейді

– Біз Ресейден президент Владимир Путин бастаған делегацияның іссапармен келуіне байланысты Мир даңғылы (Балықшы п.) бойындағы 3 қатарлы ескі үйлерге жөндеу немесе қайта жарақтау жүргізіледі деп естідік. Осы рас па? 8 мамыр 2014, 00:00 1 872 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік жоқ, салықтар бар

– Марқұм күйеуімнің ескі «Запорожец» көлігі бар болатын. 2001 жылы ол бас сенімхатпен машинасын ағасына берді. Ағасы да қазір о дүниелік болды. Тірі кезінде машинаны бұзып, қосалқы бөлшектерге сатқан болатын. Бірақ маған әлі күнге дейін салық басқармасынан осы көлік үшін салық төлеу туралы хабарлама келеді. Мен жол полициясы басқармасына бірнеше рет бардым, сотқа үш мәрте жүгіндім. Қай жерде де бір жауап: осы көліктің қандай болмасын құжаттарын табу керектігін айтады. Ал менің қолымда «Запорожецтің» бірде-бір қағазы да, күйеуімнің ағасына жазған бас сенімхаты да жоқ. Тек қайтыс болғандығы туралы екі куәлік қана бар. Мен нотариалдық палатада болып, 2 мың теңге төледім, бірақ ол жерде де осы құжаттың көшірмесін таба алмады. Ондағылар көшірменің 6 жыл сақталатынын айтты. Көліктің көптен бері жоқ екенін қалай дәлелдей аламын? 20 наурыз 2014, 00:00 3 301 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күреу туралы құқық

– Біздің үйіміз ескі баспана ретінде күрелуге кетеді. Үй тұрғындарына жаңа үйден ескі баспанадағы бөлме санына сәйкес пәтерлер ұсынуға уәде етті. Мұнда күрелуге кететін баспананың меншік иелерінің саны, сондай-ақ, әр отбасы мүшелеріне тиесілі шаршы көлем нормасы ескерілмейді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын баспанаға бір отбасынан артық қоныстандыруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, осы заңның 75-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң мөлшерінде берiледi делінген. Мәселен, екі отбасы тұратын, күрелетін екі бөлмелі үйде әрбір отбасы жеке пәтерлер алуға үміттене ала ма? Әлде екі отбасы күрелетін баспананың орнына мемлекет ұсынатын баспананың шаршы көлемінің нормасын ескере отырып, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелі пәтер алуға құқылы ма? 6 наурыз 2014, 00:00 2 061 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тышқанға тұзақ құру

– Біз Яблочный өткелінде тұрамыз, ол жерде бар болғаны екі қабатты үш ескі үй бар. Үйімізде тышқан қаптап кетті, төбені кеміріп болып, басымызға құлайтынды шығарды, жер-жерде жүгіріп жүр. Біз СЭС-ке хабарластық, бірақ олар бізде ПИК жоқ болғандықтан арызымызды қабыл алған жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2014, 00:00 4 631 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Басқармадан құтыла алмайды

– Көлік жүргізу куәлігін тек жол полициясы басқармасынан ғана емес, электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады деп естідім. Мен автомектептегі сабағымды аяқтап қалдым. Осы туралы толық білгім келеді. 19 желтоқсан 2013, 00:00 2 226 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй салуға рұқсат

- Мен Тайманов көшесі бойындағы 24 үй тұрғынымын. 2010 жылы қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өзімнің ескі үйімді бұзып, орнына жаңа үй салуға рұқсат сұрап жолыққан едім. Сол кезде бөлімдегілер Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, Тайманов көшесін бойындағы үйлер бұзу аймағында екенін ескертіп,  рұқсат берілмейтінін айтқан еді. Бірақ одан бері көше тұрғындарының көпшілігі жаңа тұрғын үй салып алды. Үйлердің қай уақытта күрелетіндігін немесе рұқсат берілетін-берілмейтіндігін білгім келеді. 1 тамыз 2013, 00:00 2 413 рет қаралды
Әкелер мен балалар Сұрақ-жауап

Әкелер мен балалар

– Мен әйеліммен бір жыл бұрын Махамбет сотында әйелімнің мекен-жайы бойынша ажырастым. Кәмелетке толмаған екі баламды маған тәрбиелеуге қалдырғанын қалаған едім, өйткені әйелім бірге өмір сүрген 6 жыл ішінде балаларға қараған жан емес. Бірақ Махамбет соты менің дәлелдеріме және әрі бірінші некедегі бұрынғы әйелімнен туған қызымды оның ата-анасы тәрбиелеп жатқандығына қарамастан балаларды әйеліме қалдырды. 25 шілде 2013, 00:00 3 443 рет қаралды
Тұрбалар туралы Сұрақ-жауап

Тұрбалар туралы

– Біз Верхняя Садовая (Бірінші учаске) тұйық көшесінің тұрғындарымыз. Жақында жергілікті теледидардан бізге ескі су құбыры тұрбасынан жаңасына қосылуымыз керектігі туралы хабарландыруды көрдік. Осыған байланысты «бізді «Атырау СуАрнасына» кім қосады?» деген сұрақтар туып тұр. Мұндай жағдайда жұмыстар тегін бе, ақылы ма? Әлде өзіміз біреуді жалдауға тиіспіз бе? 2007 жылы біз өз қаржымызға өзіміз үшін желі жүргізіп, техникалық шарттарды төлеген едік. Енді жаңа техникалық шарт үшін төлеуіміз керек пе? 2 мамыр 2013, 00:00 2 212 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Айырбас жасалмайды

– Біз 1961 жылы шығарылған 10 рубльдік купюралар бумасын тауып алған едік. Бір танысымыз бірнеше жыл бұрын Ұлттық банктің жергілікті филиалынан  бұдан да ескі ақшаларды  ауыстырып алыпты. Табылған ақшаларды қандай бағам бойынша айырбастай аламыз? 28 ақпан 2013, 00:00 1 750 рет қаралды