– Үш жыл бұрын бала асырап алып, оған жаңа аты-жөнін беріп, туған күнін өзгерткен едім. Туу туралы жаңа куәлік алған кезде онда ескі туған күн бойынша ЖИН жазылған болып шықты. Құжатта туған күн бойынша айырмашылықтар болғанын қаламаймын. Мен сәбидің алдыңғы, шынайы туған күні бойынша туу туралы жаңа куәлікті рәсімдей аламын ба?
Телефон арқылы
Сұраққа ҚР Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық қызметіндегілер жауап берді:
– 2013 жылға дейін тіркелген баланы асырап алу кезінде жеке идентификациялық нөмір оның мәліметтерінің, соның ішінде туған күндерінің өзгергеніне қарамастан бұрынғыша қалады. Асырап алу сот шешімімен тіркелгендіктен баланың жеке мәліметтерін өзгерту тек сот шешімімен шешіледі. Сондықтан сіздің сотқа жүгініп, бұл мәселені шешуге тырысып көруіңізге болады.