– Жақында бізге учаскелік инспектор келіп, ескі үлгідегі жеке бас куәлігін жаңасына ауыстыру керектігін, ескісінің кешікпей жарамсыз болатындығын айтты. Ал менің ескі жеке бас куәлігім 2018 жылға дейін жарамды. Оны ауыстырмауға құқылымын ба?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Болат ДОСҚАЛИЕВ жауап берді:
– Ескі үлгідегі куәлік (чипсіз) жаңа үлгідегі құжаттар секілді заңды күшке ие және онда көрсетілген мерзімге дейін жарамды. Мерзімі өтпеген ескі үлгідегі жеке бас куәлігін өз қалауы бойынша, сондай-ақ, егер құжатта қате мәліметтер көрсетілген болса, ауыстыруға болады.