Атырау, 26 желтоқсан 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сатып алдың ба, ұшасың

2 564 просмотра

- Көктем басында «Air Astana» әуекомпаниясының басшылығы билет тарифіне кіретін отын алымы құнының төмендегенін хабарлаған болатын. Егер мен осы төмендеулерге дейін бірнеше ай бұрын билет сатып алған болсам, әлі пайдаланбаған билет құнын қайта есептеуді талап ете аламын ба?

Телефон арқылы

Сұраққа «Air Astana» әуе компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Тілек АБДРАХИМОВ жауап берді:

- Әуекомпаниясы, шынымен де, 2015 жылғы 14 ақпаннан бастап әуе билеті сатылатын күнге отын алымын төмендетті. Барлық тарифтер мен алымдар сату күні мен тасымал басталатын күні жарамды. Әуе компаниясы тарифтердің әрі қарай төмендеуі немесе жоғарылауы жағдайында бұрын сатып алынған билеттерге қайта есептеу жүргізбейді.

Егер жолаушы билетті төмендеу жүргізілгенге дейін көп уақыт бұрын сатып алған болса, қайта есептеу тек жолаушы қолданбаған билетін қайтарып, жаңасын сатып алған жағдайда жүргізіледі. Бұл арада ескі билетті қайтару үрдісі әуе компаниясының ережелеріне сәйкес, яғни, тарифтердің кейбір түрлері бойынша белгіленген қосымша алымдар ұсталғаннан кейін жүргізілетінін атап өткен жөн. Әуе компаниясында, сонымен қатар, кері қайтару жүзеге асырылмайтын тарифтер де бар.

4 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.