– Біз Ресейден президент Владимир Путин бастаған делегацияның іссапармен келуіне байланысты Мир даңғылы (Балықшы п.) бойындағы 3 қатарлы ескі үйлерге жөндеу немесе қайта жарақтау жүргізіледі деп естідік. Осы рас па?
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан ЕРҒАЛИЕВ жауап берді:
– Термомодернизациялау бағдарламасында аталмыш даңғыл бойындағы үйлер көрсетілмеген, тиісінше, бұл бағдарлама бойынша ол жерде ешқандай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Қалада баспананы қалпына келтірудің басқа бағдарламалары (демеушілер, атап айтқанда, NCOC қаржыландырған өткен жылдағыдай – автордың ескертпесі) қазір жүргізілмейді. Демек, бұл үйлерге бюджет немесе демеушілердің есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.