Атырау, 4 тамыз 00:45
 дождьВ Атырау +28.3
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93

Басқа жаңалықтар

Құлсары гүлдемей тұр Басқа жаңалықтар

Құлсары гүлдемей тұр

Биыл Құлсары қаласын көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 50 млн қаржы бөлініп, конкурста 35 млн теңгеге ұсыныс берген «Азамат» ЖК ұтып алған. Мердігерлік талап бойынша жеке кәсіпкер осы жұмыстарды 5 маусым мен 5 қазан аралығында атқарып, бөлінген ақшаның 10 млн теңгесі гүл егуге, қалғанын тал-теректің күтіміне жұмсалуы тиіс болған. Алайда жұмыстар әлі басталған жоқ. Сурет Бейнежазба 22 шілде 2019, 17:08 8 675 рет қаралды
Бассейндегі бассыздық Басқа жаңалықтар

Бассейндегі бассыздық

Осыдан біраз уақыт бұрын "Мұнайшы" орталық жүзу бассейнінде жаттығып жүрген және жүзуден Атырау облысы құрамасының мүшелері болған балалардың ата-аналары бассейн басшылығына судың сапасына қатысты айтарлықтай наразылықтар білдірді. Олардың айтуынша, бассеиндегі суда хлордың көп болуына байланысты балалар дерматологиялық және аллергиялық аурулармен ауыра бастады. Ата-аналардың бассейн өкілдерімен «жылы» кездесуінде АЖ  тілшісі де қатысып, жүзгіштерден басқаларды да толғандыратын бұл мәселенің шешілу барысын бақылаған еді. Сурет 22 шілде 2019, 11:25 5 272 рет қаралды
«Сергек» бол, жүргізуші! Басқа жаңалықтар

«Сергек» бол, жүргізуші!

Бүгінде Атырауда орнатылған 759 бейнебақылау камерасының барлығы да қалыпты жұмыс істеп тұр, – деп сендірді «АЖ» сұрауына Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек КӨШЕНОВ. Ал 2020 жылға қарай олардың саны 1533-ке жетпек.   22 шілде 2019, 10:11 3 956 рет қаралды
Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді Басқа жаңалықтар

Тұрғын үйдің бастапқы жарнасына миллиард бөлінді

Биыл облыстық бюджеттен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында бастапқы жарнаны әлеуметтік қолдау үшін 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Әрбір тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 миллион теңгеден артық емес мөлшерде болады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ мәлімдеді. 20 шілде 2019, 19:58 3 393 рет қаралды
Бейбарыс даңғылындағы жол салу жұмыстары кезінде жабылатын көшелер Басқа жаңалықтар

Бейбарыс даңғылындағы жол салу жұмыстары кезінде жабылатын көшелер

Бейбарыс даңғылының автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 20 шілде мен 20 тамыз аралығында Махамбет көшесінен Амандосов көшесі аралығы, Бейбарыс даңғылы, Таңқыбаев, Панфилов, Полынин, Аманшин көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі. 20 шілде 2019, 15:53 3 409 рет қаралды
Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды Басқа жаңалықтар

Қанша қу болса да, «Кордон» мен радардан құтылмайды

Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу мәселесі шешілгенше, Атырау полициясы осы көліктердің ереже бұзған жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жолдарын іздестіріп, тауып та жатыр. 19 шілде 2019, 13:25 4 257 рет қаралды
Өзіңдікі болса, алып кет Басқа жаңалықтар

Өзіңдікі болса, алып кет

Қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан қылмыстық жолмен табылған 30 түрлі бұйымды тәркіледі. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерді табу үшін тағы да әлеуметтік желілерге жүгінді. 19 шілде 2019, 11:08 2 790 рет қаралды
Газ төңірегіндегі толқулар Басқа жаңалықтар

Газ төңірегіндегі толқулар

Мұнайлы астананың автокөлік иелері бір апатадан бері газ тапшылығын сезінуде. Жанармай бекеттерінің бірінде көгілдір отын мүлдем жоқ болса, енді бірінде, жүргізушілердің айтуынша, баға 55-тен  90 теңгеге дейін шарықтап кеткен. «АЖ» тілшісі бұған көзін жеткізу үшін бірнеше жанармай бекеттерін аралап шықты. Бейнежазба 19 шілде 2019, 10:37 4 098 рет қаралды
Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Жигули түйеге соғысып, үш адам қаза болды

14 шілдеге қараған түні Атырау-Құлсары трассасының Ескене елді мекені тұсында "ВАЗ 2104" жолда тұрған түйеге соқты. Жүргізушінің ұқыпсыздығынан үлкен қайғы орын алды: үш адам сол жерде қаза болып, екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді. 18 шілде 2019, 20:44 3 574 рет қаралды
Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу Басқа жаңалықтар

Қырылған балық туралы іс: куәгерлерден жауап алу

№2 қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот процесі жалғасуда. Осы отырыста алдымен жәбірленушінің тағы бір өкілі тыңдалып, содан кейін куәгерлерге сөз берілді - іс бойынша олардың саны 30-ға жуық, бұдан да көбеюі мүмкін.     Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 16:25 4 478 рет қаралды
Премьер-министр Мамин Атырауға келді Басқа жаңалықтар

Премьер-министр Мамин Атырауға келді

17 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.  Үкімет басшысы облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Соның ішінде  АМӨЗ, «Атыраумұнаймаш» ЖШС, «Шеврон» компаниясының Атырау полиэтилен құбырлары зауытына барды.  «Ұлттық өнеркәсіптік мұнай-химия технопаркі» СЭА жұмысымен де танысты. Кеште ТШО ғимаратында ол мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 шілде 2019, 11:21 5 312 рет қаралды
Күндіз пара, кешке субсидия Басқа жаңалықтар

Күндіз пара, кешке субсидия

№2 Атырау қалалық соты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қисмеден ЖАНҚУАТОВҚА қатысты үкім шығарды. Ол шаруа қожалықтары иелеріне "Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беруге оң шешім шығару үшін пара сұраған деп айыпталды. 17 шілде 2019, 16:15 2 823 рет қаралды
Атырау облысында жарты жылда не істелді Басқа жаңалықтар

Атырау облысында жарты жылда не істелді

16 шілдеде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы туралы айтты. Көрсеткіштерге қысқаша тоқтала кетейік. Толықтырылды 17 шілде 2019, 11:52 3 169 рет қаралды
Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды

15 шілдеде Атырауда түрлі саладағы қолөнершілердің басын қосатын «Дәстүр» өнер орталығы ашылды. Мұнда келушілер өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып қана қоймай, шеберлердің сабақтарына да қатыса алады: олар бұл жерде матаға маржан тастар орнату, жүннен бұйымдар жасау, кілем тоқу, біз кестемен жұмыс, киіз басу, зергерлік және қыштан бұйым жасау құпияларымен бөліседі. Сурет 17 шілде 2019, 11:41 6 315 рет қаралды
Су – тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Су – тілсіз жау

Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 17 шілде 2019, 11:18 7 210 рет қаралды
Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті Басқа жаңалықтар

Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті

Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Ресейге Атырау облысынан ұсақ мал мен оның етін әкелуге уақытша шектеу қойды. Оған «Қазақстанның осы аумағында қойлардың шешек ауруы салдарынан жаппай қырылуы жөніндегі БАҚ –тағы ақпарат негіз болған». Демек, бұл жерде әңгіме көктемде Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі болған еділбай тұқымды қойлар мен  қозылардың жаппай қырылуы туралы болып отыр. Ал, ол аймақ РФ Астрахан облысымен шекаралас. 17 шілде 2019, 11:24 3 754 рет қаралды
Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты Басқа жаңалықтар

Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты

15 шілдеде күндіз Атырауда бойжеткен көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп, өмірмен қош айтыспақ болды, алайда, оған полицеймен бірге сол маңда болған жігіттер жол бермеді. Бейнежазба 16 шілде 2019, 17:36 3 955 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2019, 11:38 5 602 рет қаралды
Аудандардың жаңа оқу жылына дайындығы қалай? Басқа жаңалықтар

Аудандардың жаңа оқу жылына дайындығы қалай?

Міне, жазғы каникулдың тең жартысы зу етіп өте шықты. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы қалай? «АЖ» тілшісі аудандардағы білім бөлімдеріне хабарласып, жалпы жұмыстарды саралап шықты. 16 шілде 2019, 12:31 3 248 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 149 рет қаралды