Атырау, 24 қараша 13:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа тасымалдаушы жаңаша қызмет көрсетеді

Сурет Бейнежазба
3 170 просмотра


Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы қалаішілік 9 бағытқа жүретін маршрутқа күні бүгінге дейін «Автостоянка-А» ЖШС пен «Теңізавтокөлік» ЖШС қызмет көрсетіп келді. Өздерінде көлік жоқ, маршрутқа тек жекеменшік автобустарды жалдап шығарады. Ал бұл өте тиімді емес.  

-Автобустар мерзімімен жүрмейді, кейде тіпті жолға шықпай да қалады.  Жұмысқа, балаларын балабақшаға апаратындар бар, оларға оңай тиіп жатқан жоқ. Неге маршрутты алып отырғандардан әкімдік жұмысты талап етпейді,-дейді қала тұрғыны Гаухар БЕКЕШОВА.

Жолаушы тасымалдаушылар мұны жолақының бес жылдан бері 50 теңгеден өсіре алмауынан көреді. Бұл уақытта қосалқы бөлшектердің, жанармай бағасы бірталай қымбаттады. Сондықтан қаржылық қиындықтар көреді екен.


Ал қала билігі бұл мәселені шешу үшін жақында үшінші тасымалдаушыны қосты. «БатысТехИнвест» ЖШС өз қаржысына 10 жаңа автобус алып, № 5, 10, 11 маршруттарға шығарған. 

Жаңа тасымалдаушының жұмысына халық риза,- дейді аудандық ТКШ басшысы Ерлан ЫСМАҒҰЛОВ. - Болашақта өз есебінен автобустарды көбейтетін болады.

«БатысТехИнвест» ЖШС басшысы Әуез АБИЛАКИМ:

- Біз қосымша 15 автобусқа тапсырыс беріп қойдық. Жолақыны 50 теңге деп белгіледік. Әзірге табыс аз. Бірақ жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Аудандық әкімдік субсидиялау мәселесін шешеміз деп уәде берді. Сондай-ақ электрондық билет енгізіп, жаңа маршрут санын көбейту де ойымызда бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

30 шілде 2019, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.