Атырау, 24 қараша 13:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индербор іші көк ала шаң – жол жөндеп жатыр

4 069 просмотра

Индер ауданында ауылішілік көшелерді асфальттау жүріп жатыр. Мысалы, Есбол ауылында 22 км автомобиль жолы, 11 км жүргінші жолын салуға 2 млрд 400 млн теңге қаралған, жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс. Елтайда 2,7 км автокөлік жолы, 2,7 тротуар салуға 300 млн теңге жұмсалып, толық аяқталды. Аққала ауылында 5,3 км  тас жол салу жұмыстары жүруде. Бұл туралы Аудандық ТКШ басшысы Абзал РАМАЗАНОВ «АЖ» тілшісіне айтты. 

Ал аудан орталығы Индербор кентінде  5,6 шақырымды құрайтын Тайсойған, Махамбет, Қонаев, Уәлиханов, Тұхфатов көшелеріне орташа жөндеу жұмысы мамырдың аяғында басталған еді. Бұған бюджеттен 690 млн теңге бөлінді. Қарашаның аяғында жұмыстар аяқталады деп күтілуде. Бас мердігер «АИС» ЖШС, жұмыстарды қосалқы мердігер «ДорСтройМонтаж» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде бес көшедегі бұрынғы жолдың астыңғы қабатын алу жұмысы толық аяқталды. Дегенмен, тұрғындардың айтуынша, кент ішіндегі негізгі көшелерде жұмыстардың бір мезетте басталуы жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге қиындық келтіріп отыр. Ауыл іші көк шаң, су шашылмайды.  

- Мердігер Қонаев көшесіндегі бордюрді төсеуге екі ай уақытын жұмсады, әлі бітірген жоқ, - дейді А. Рамазанов. – Тротуардың дұрыс төселмеген бөлігін бұздыруға тура келді. 2500 км бордюрдің 300 метрі ғана салынған.

-Соңғы үш жылда кентте канализация жүйесін жүргізуде асфальттар мен жаяу жүргінші жолдары бүлінді. Енді ол қалыпқа қалай келтіріледі? Әкімдік мердігер істен шыққан жолдарды өз есебінен қалыпқа келтіреді деген болатын.

- Иә, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

30 шілде 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.